Джон Джонс UFC тарихындағы ең мықты файтерлерді атады

Джон Джонс UFC тарихындағы ең мықты файтерлерді атады

37 жастағы қазіргі ауыр салмақтағы UFC титулының иегері (120 келіге дейін) америкалық Джон Джонс лига тарихындағы ең мықты файтерлерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джон Джонстың айтуы бойынша ең үздік 4 UFC файтері:

1. Деметриус Джонсон.

2. Андерсон Силва.

3. Жорж Сен-Пьер.

4. Джон Джонс.

2024 жылдың қарашасында Нью-Йоркте UFC 309 турнирінде өткен кейінгі жекпе-жегінде Джонс ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы отандасы Стип Миочичпен кездесті. Олардың жекпе-жегі кештің басты оқиғасына айналды. Жекпе-жектің үшінші раундында Джонс техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл Джонның ауыр салмақтағы титулды бірінші рет қорғауы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или