Қазақстандық файтер BRAVE CF 95 турнирінде жеңіске жетті

Атақты қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Диас Еренғайыпов (16-3) Испанияның Тенерифе қаласында өткен BRAVE CF 95 турнирінің негізгі жекпе-жегінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол жеңіл салмақ дәрежесінде америкалық Хосе Торреспен (13-3-1) кездесті. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен қазақстандық файтер жеңіске жетті. Бұл Naiza FC-нің бұрынғы чемпионы Еренғайыпов үшін осы ұйымдағы екінші жекпе-жегі, өткен жылдың желтоқсан айында ол бразилиялық Марсиано Феррейраны да төрешілер шешімімен (13-4) жеңген болатын.
Айта кетейік, Торрес 2023 жылдың желтоқсанына дейін жеңіл салмақта BRAVE CF чемпионы болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или