Қазақстандық теннисші Ташкенттегі турнирде финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Ташкенттегі турнирде финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сынында финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Ломакин грузиялық Зура Ткемаладземен жұптасып, үндістандық Ишаке Экбал және Нитин-Кумар Синхадан 3:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Осылайша, қазақстандық теннисші мен оның серіктесі турнирдегі өнерін аяқтады. Ал үндістандық спортшылар финалға шығып, өзбекстандық Сергей Фомин мен украиналық Владислав Орловқа қарсы ойнайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или