Қазақстанның екінші ракеткасы «Ролан Гарростың» 1/8 финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева канадалық Лейла Фернандеспен жұптасып, «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сайысында 1/8 финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда Путинцева мен Фернандес словакиялық Тереза Михаликова және ұлыбританиялық Оливия Николлспен кездесіп, 4:6, 6:0, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 58 минутқа созылды.
Осылайша, қазақстандық теннисші мен оның серіктесі Франция ашық чемпионатындағы жұптық сынды мерзімінен бұрын аяқтады. Ал қарсыластары келесі кезеңге өтіп, сербиялық Ольга Данилович пен ресейлік Анастасия Потаповаға қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или