Он футболшымен камбэк. «Қайрат» Ақтөбеде үш ұпай алды

Он футболшымен камбэк. «Қайрат» Ақтөбеде үш ұпай алды

«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында «Ақтөбеге» қарсы матчта камбэк жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда өтіп, жанкүйерлер аренаны лық толтырды.

Матчтың бірінші таймында гол соғылған жоқ. Ал қызықтың бәрі үзілістен кейін болды. 50-минутта Аян Байдәулетов гол соғып, «ақ-қызылдарды» алға шығарды.

Көп ұзамай Сәтпаев таразы басын теңестірген еді, бірақ оның алдында Валерий Громыко ойын тәртібі бұзылғаны анықталды. Төреші VAR қарағаннан кейін «Қайрат» футболшысын алаңнан қуды.

Дегенмен он футболшымен қалған «Қайрат» жеңісті жұлып әкетті. 75-минутта Александр Мартынович бұрыштамадан кейін таразы басын теңестірді. Ал 87-минутта Дастан Сәтпаев тамаша соққымен «Қайратқа» жеңіс сыйлады - 2:1.

Осылайша, алматылық команда үш матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты және турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал турды көшбасшы ретінде бастаған «Ақтөбе» үшінші орынға сырғыды.

Қазақстан Премьер-лигасы. 11-тур.

«Ақтөбе» - «Қайрат» 1:2 (0:0)

Голдар: Байдәулетов 50, Мартынович 75, Сәтпаев 87

Алаңнан қуылды: Громыко 71

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или