Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде кезекті жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сынның ширек финалында Құламбаева ресейлік Арина Булатовамен кездесіп, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 22 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы солтүстікмакедониялық Лина Гьорческа болады.

Жартылай финал сенбі, 31 мамыр күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или