Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Лихтенштейнді жеңді

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Лихтенштейнді жеңді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Лихтенштейнді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу барысында Карина Берікова дубль авторы атанса, Әселхан Тұрлыбекова мен Мадина Жаңатаева бір голдан соқты.

Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.

Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Армения, Люксембург және Лихтенштейн.

Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.

Енді қазақстандық футболшылар 3 маусымда Люксембургпен кездеседі. Бұл ойында аталған топта қай құраманың бірінші орын алатыны шешіледі.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар 23 мамырда оқу-жатттығу жиыны Алматы қаласындағы «Қайрат» футбол клубының базасында басталды. Дайындық барысында Қырғызстан құрамасымен (3:1, 2:1) екі жолдастық кездесу өткізді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или