Қазақстандық гимнастар Ресейде өтетін турнирге қатысады

Қазақстандық гимнастар Ресейде өтетін турнирге қатысады

Көркем гимнастикадан Ресейдің Омбы қаласында өтетін Evgeniya Cup турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекелей бәсекеде ел намысын бес гимнаст қорғайды. Атап айтсақ, Эрика Жайлауқызы, София Куряченко, Линара Жайлауқызы, Рабия Аманқос және Валерия Васильева жүлдеге таласады.

Сондай-ақ, топтық сында еліміздің негізгі және жасөспірімдер құрамасы сынға түседі.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 29 мамырда жалауын желбіретеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или