Thailand Open-2025: Төрехан Сабырхан мен Диас Молжігітов финалға шықты

70 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жартылай финалда қырғыз Ихтиор Нишоновпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болған қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Енді ол финалда өзбекстандық Мухаммад Азизбек Исмоиловпен кездеседі.
Диас Молжігітов те (80 келі) финалға шықты. Жартылай финалда ол Омурбек Бекжигитуулуды тізе бүктірді.
Ал 50 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Нұрзат Оңғар қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ ел құрамасынан Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) және Бекзат Таңатар (85 келі) сынды боксшылар да қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер 1 маусым күні өтеді.