Елизавета Матвеева Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Елизавета Матвеева Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында биіктікке секіруден қызықты жайт тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 спортшы бірдей биіктікті бағындырғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Надежда Дубовицкая жүлдеден тыс қалды.

  • Алтын- Пужа Пужа - 1.89 метр
  • Күміс- Елизавета Матвеева - 1.86 метр
  • Күміс- Сафина Садуллаева - 1.86 метр
  • Надежда Дубовицкая - 1.86

Елизавета Матвеева 2023 жылғы Азия чемпионатында да 1.86 метр биіктікке секіріп, күміс жүлдеге ие болған еді.

Айта кетейік, отандастарымыз 2019 жылдан бері дәл осы сайыс түрінде жүлде алып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или