Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында тағы екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто 9:10.46 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшымыз Дейзи Джепкемей (9:12.46) қолаға қол жеткізді. Күміс Үндістан өкілі Парул Чаудхариға (9:12.46) бұйырды.
Аталмыш сары құрлық бәсекесіне 39 елден 567 атлет бақ сынап жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или