ГЛАВНАЯ
Настольный теннис
Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды
Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық үстел теннисі турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz
Жас теннисші турнир барысында төрт кезеңнен сәтті өтіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда жартылай финалда қарсыласынан жеңіліп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кету керек, Жәния бұған дейін де халықаралық ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ол Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңімпаз атанған. Ташкенттегі бұл жетістік - оның үстел теннисіндегі тұрақты дамуы мен жоғары әлеуетінің тағы бір дәлелі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или