Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Чемпиондар лигасының финалына шақырту алды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов «СЭ» басылымына берген сұхбатында ПСЖ мен «Интер» арасындағы Чемпиондар лигасының финалына шақырту алғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч сенбі, 31 мамыр күні Мюнхенде өтеді.
— Чемпиондар лигасының басты матчына барасыз ба?
— Мені бұл матчқа шақырды. «Интер» мен «ПСЖ» арасындағы матчты көру мүмкіндігі болғанына қуаныштымын. Мұндай матчтар ерекше ләззәт сыйлайды және үлкен тәжірбие. Чемпиондар лигасының финалына шыққан екі түрлі стильдегі бапкердің қалай ойнайтынын қарау өте қызық.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или