Беларусь - Қазақстан жолдастық матчының орны неге ауысқаны белгілі болды

Беларусь - Қазақстан жолдастық матчының орны неге ауысқаны белгілі болды

5 маусымға жоспарланған Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу Минск «Динамо» стадионынан Борисов Аренаға ауысты. Оған астананың бас аренасындағы алаңның қанағаттанарлықсыз жағдайы себеп болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жаппай оқиғалардан кейін көгалдарды қалпына келтіруге кемінде екі апта қажет», - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Динамо» ұлттық олимпиадалық стадионының көгалына мамырдың 24-і мен 25-і күндері болған жаппай оқиғадан кейін зақым келген. Оқиғаға дайындық кезінде алаңға уақытша құрылыстар орнатылып, жер беті қатты зақымданған. Мамандардың айтуынша, көгалды қалпына келтіруге кемінде екі апта қажет.

Осыған байланысты матч Борисовқа ауыстырылды. Жаңа орын – Борисов Арена стадионы. Барлық өзгерістер УЕФА және Қазақстан футбол федерациясымен келісілді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или