«Реал Мадрид» Трент Александер-Арнольдтың трансфері бойынша келісімге келді

«Реал Мадрид» Трент Александер-Арнольдтың трансфері бойынша «Ливерпульмен» келісімге келген, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Рамон Альварес де Монның мәліметінше, испаниялық команда клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталғанға дейін (15 маусым) англиялық қорғаушыны қатарына қосады. «Реал» ойыншының маусым айындағы жалақысын толық өтеп, «Ливерпульге» қосымша толемақы береді.
Александер-Арнольдтың «Ливерпульмен» келісімшарты 2025 жылғы 30 маусымға дейін есептелген. Бұған дейін БАҚ «Реалдың» қорғаушыны келісімшарт мерзімінен бұрын алу үшін «Ливерпульге» 1–2 миллион еуро төлеуге дайын екенін жазған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или