«Астана» шабандозы «Джиро д’Италияның» 18-кезеңінде 9-орын алды

Бүгін «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысының 18-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңнің жеңімпазы Red Bull-BORA-hansgrohe командасынан германиялық шабандозы Нико Денц атанды. Екінші орынды Polti VisitMalta командасынан италиялық Мирко Маэстридің еншіледі. Үздік үштікті Alpecin-Deceuninck сапынан бельгиялық Эдвард Планкарт түйіндеді.
«Астана» сапында үздік нәтижені Никола Кончи көрсетті. Ол мәреге тоғызыншы болып жетті. Кристиан Скарони 14-орын, Диего Улисси - 29-орын, ал қазақстандық Антон Кузьмин мәре сызығын 72-болып кесті, Фаусто Маснада - 108, Ваут Пулс - 115, Лоренцо Фортунато - 117, Макс Кантер - 129-орын алды.
«Джиро д’Италия». 18-кезең. Морбеньо — Чезано-Мадерно. 144 шақырым
1. Нико Денц (Германия, Red Bull-BORA-hansgrohe) — 3:12:07
2. Мирко Маэстри (Италия, Polti VisitMalta) — +1:01
3. Эдвард Планкарт (Бельгия, Alpecin-Deceuninck)
9. Никола Кончи (Италия, «Астана»)
14. Кристиан Скарони (Италия, «Астана») — +3:40
29. Диего Улисси (Италия, «Астана»)
72. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана») — +13:51
108. Фаусто Маснада (Италия, «Астана»)
115. Ваут Пулс (Нидерланд, «Астана»)
117. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»)
129. Макс Кантер (Германия, «Астана»)
Жалпы есеп:
1. Исаак Дель Торо (Мексика, UAE Team Emirates-XRG) — 68:56:32
2. Ричард Карапас (Эквадор, EF Education-EasyPost) — +0:41
3. Саймон Йэтс (Великобритания, Visma | Lease a Bike) — +0:51
19. Диего Улисси (Италия, «Астана») — +29:57
25. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +48:42
45. Кристиан Скарони (Италия, «Астана») — 1:36:03
47. Никола Кончи (Италия, «Астана») — +1:36:41
49. Фаусто Маснада (Италия, «Астана») — +1:37:30
56. Ваут Пулс (Нидерланды, «Астана») — +1:49:58
120. Макс Кантер (Германия, «Астана») — +3:48:16
152. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана») — +4:26:44.