BRAVE CF ММА: қазақстандық файтер салмақ өлшеу рәсімінен өтті

BRAVE CF ММА: қазақстандық файтер салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Испанияда өтетін BRAVE CF ММА турнирі аясында салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испанияның Тенерифе қаласында аса салмақтағы үміткерлік жекпе-жекте қазақстандық Диас Еренғаипов (16-3) пен америкалық Хосе Торрес (13-3-1) күш сынасады.

Салмақ өлшеу кезінде қос спортшы да белгіленген 57,2 келі лимитіне сай түсті. Қазақстандық файтер қарсыласынан сәл ауыр болды — Еренғаиповтың салмағы 57,1 келі болса, Торрестікі – 56,9 келі.

Жекпе-жек ертең, 30 мамыр күні өтеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или