Виктория Графеева Таиландтағы турнирде алтынға таласады

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Виктория Графеева (60 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы 1/2 финалда филиппиндік Ризо Пасьютті сенімді түрде жеңді. Енді ол финалда қытайлық Ян Чэнъмен алтын медальға таласады.
Сондай-ақ жартылай финалда ел құрамасынан Данияр Рахымбердиев (90 келі) пен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.
Ширек финалда ел құрамасынан 9 боксшы жеңіске жетті. Енді үшеуі жарысты жартылай финалдан бастайды.