Қазақстан «Ролан Гаррос» турнирінде рекорд орнатты

Қазақстан «Ролан Гаррос» турнирінде рекорд орнатты

Қазақстандық теннисшілер Франция ашық чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тарихта алғаш рет еліміздің бірден үш өкілі «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына өтті — Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик.

Үшінші айналымда Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Путинцеваның қарсыласы ресейлік теннисші Мирра Андреева болады, ал Бублик португалиялық Энрике Рошамен күш сынасады.

Елена 30 мамырда, ал Юлия мен Александр 31 мамырда өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или