«Бокстағы қиын кезеңде туған мықты боксшы». Елеусіновті Әли мен Тайсонға теңеді

«Бокстағы қиын кезеңде туған мықты боксшы». Елеусіновті Әли мен Тайсонға теңеді

Бокстағы жемқорлыққа деген ымырасыз ұстанымымен танылған америкалық спорт журналисі Скуп Малиновски Данияр Елеусіновтің кәсіби мансабына қатысты пікір білдірді. Спортшы Prosports.kz порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшының жаңа лигада жарқырауына кедергі болатын жағдайларға тоқталды.

«Елеусінов – бүгінгі күннің ең үздік боксшысы бола алатын талант. Бірақ оған жақсы промоутер мен оны сатып алуға дайын аудитория қажет. Қазір бокстың беделі төмен. Бүгінгі заманда тіпті Мұхаммед Әли немесе Майк Тайсон шықса да, оларды нарыққа лайықты түрде ұсына аламыз деп айту қиын. Елеусинов – өз дәуіріне сай келмейтін ұлы боксшы», – деді Малиновски.

Қазір Елеусінов (12-0, 7 КО) Питтсбургтегі жаттығу лагерінде жаңа лигадағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Ол соңғы рет 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда шаршы алаңға шығып, филиппиндік Джо Нойнэяны бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или