Даниэль Кормье: Джонс Аспиналмен айқаспай кетпейді

Даниэль Кормье: Джонс Аспиналмен айқаспай кетпейді


UFC-дің қос салмақтағы бұрынғы чемпионы әрі ұйымның Даңқ залындағы мүшесі Даниэль Кормье Джон Джонстың уақытша чемпион Том Аспиналмен жекпе-жекке шығатынына сенімді.

«Ол Аспиналмен айқаспай мансабын аяқтамайды. Әйтпесе жұрт оны қорықты деп ойлап қалады. Ал Джон секілді мақтаншақ адам үшін бұл – өте ауыр жағдай. Ол қорқақ деген пікірмен келісе алмайды», – деді Кормье өзінің YouTube арнасында.

Оның айтуынша, Джонстың беделінен айырылуы – жеңілгеннен де ауыр. Айта кетейік, Джонс соңғы рет 2024 жылдың қарашасында октагонға шығып, Стипе Миочичті жеңіп, ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғаған. Аспиналмен жекпе-жек бірнеше рет шегерілді, көбіне – Джонстың шешімімен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или