АПЛ УЕФА рейтингінде рекорд орнатты

АПЛ УЕФА рейтингінде рекорд орнатты


Ағылшын Премьер-лигасы 2024/25 маусымында еурокубоктарда ерекше нәтижелерге қол жеткізіп, УЕФА коэффициенттер кестесінде рекорд жаңартты. АПЛ маусым қорытындысы бойынша 29,464 ұпай жинап, тарихтағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Бұл жөнінде Football Meets Data хабарлады. Екінші орынға Испанияның Ла Лигасы (23,8), ал үшіншіге Италияның А Сериясы (21,8) тұрақтады. Мұндай көрсеткішке жетуге ағылшын клубтарының еуротурнирлердегі жарқын ойыны себеп болды: «Арсенал» Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін барды, Еуропа лигасының финалында «Тоттенхэм» пен «Манчестер Юнайтед» кездесті, ал Конференциялар лигасын «Челси» жеңіп алды.

Сонымен қатар АПЛ бес жылдық көрсеткіш бойынша да рекорд орнатты — 115,1 балл. Бұл көрсеткіш бойынша Англия барлық еуропалық лигалардан озып тұр: Италия – 97,2, Испания – 94,4 ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или