Рашфорд «Барселонаға» өту үшін жалақысын қысқартуға дайын

Рашфорд «Барселонаға» өту үшін жалақысын қысқартуға дайын


«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рашфорд «Барселона» сапына ауысу үшін жалақысын төмендетуге келіскен. Бұл туралы Sport.es басылымы хабарлады.

27 жастағы футболшы каталондық клуб трансферді қиындықсыз рәсімдей алуы үшін қаржылық талаптарын жеңілдетуге дайын екенін білдірген. Ал «МЮ» ойыншысын 45 миллион еуро көлемінде сатуға әзір.

Өткен маусымның екінші жартысында Рашфорд «Астон Вилла» сапында жалға ойнады. Ол 17 кездесуде 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Жалпы алғанда, Англия премьер-лигасында 26 матч өткізіп, 6 голмен көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или