Роналду клубтық әлем чемпионатында ойнауы мүмкін

Португалия құрамасы мен «Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 2025 жылы өтетін жаңартылған клубтық әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.
Бұған дейін Роналдуның «Аль-Насрдан» кетуі мүмкін екені жайлы ақпарат тараған. Алайда дереккөздердің мәліметінше, шабуылшыға турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған бірнеше клубтан ұсыныс түскен.
Жаңа форматтағы чемпионатқа алты құрлықтың 32 үздік командасы қатысады. Олар сегіз топқа бөлініп, әр топтан екі команда келесі кезеңге өтеді. Финал 2025 жылдың 13 шілдесінде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «МетЛайф» стадионында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллиард доллардан асады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или