Таиланд турнирінде қоржынға қос қола түсті

Бангкокта өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің жартылай финалында екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Алайда екеуі де финал жолдамасынан айырылды.
55 келіде Нұрсұлтан Алтынбек тай боксшысы Саравут Суктхетке төрешілер шешімімен есе жіберді. Ал 90 келіде Данияр Рахимбердинов қытайлық Хан Сюэчжэньмен жұдырықтасып, бірауыздан шешіммен жеңілді.
Дегенмен қос боксшы да халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Бүгін кешкі сессияда (Бангкок уақытымен 15:00-де) тағы үш отандасымыз – Виктория Графеева (60 кг), Гүлсая Ержан (80 кг) және Дулат Бекбауов (65 кг) финал жолдамасына таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или