Джонатан Та енді «Бавария» ойыншысы

Мюнхеннің «Бавария» клубы Германия құрамасының қорғаушысы Джонатан Тамен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады. 29 жастағы футболшы «Байерден» еркін агент ретінде келді. Жаңа командасында ол 4-нөмірмен өнер көрсетеді.
Клубтың бас директоры Ян-Кристиан Дрезен бұл трансфер қорғанысты күшейтіп, тұрақтылық береді деп сенеді. Ал Та болса: «Жаңа клубымда жұмыс бастауды тағатсыздана күтіп жүрмін», – деді.
Ол 2015/16 маусымынан бері «Байер» сапында 402 матч өткізіп, 18 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген. 2024 жылы командамен бірге Германия чемпионы атанып, ел кубогы мен суперкубогын иеленді. Ұлттық құрамада 2016 жылдан бері 35 ойынға қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или