«Ақтөбе» мен «Қайрат» ойынына билеттер 44 минутта сатылып кетті

«Ақтөбе» мен «Қайрат» ойынына билеттер 44 минутта сатылып кетті


Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы басты матч — «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы кездесу жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұл ойынды тамашалауға арналған барлық билет небәрі 44 минутта түгел сатылып кетті.

Кездесу 30 мамыр күні сағат 20:00-де Ақтөбедегі Орталық стадионда өтеді. Қазіргі таңда «Ақтөбе» 11 матчтан кейін 25 ұпаймен көш бастап тұр, ал «Қайраттың» еншісінде 23 ұпай бар – олар үшінші орында.

Бұл ойынды маусым тағдырын шешетін кездесулердің бірі деуге болады. Қос ұжым да чемпиондыққа таласып жатыр, сондықтан тартысты ойын болары сөзсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или