Үш қазақстандық боксшы WBC Гран-приінде жекпе-жек өткізеді

Сауд Арабиясында өтетін WBC және Turki Al ash-Sheikh Гран-прилерінің екінші кезеңінде Қазақстанның үш боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші жартылай орта салмақтағы турнирде Санатәлі Төлтаев (3-0, 2 КО) филиппиндік Джеральд Интомен (12-0, 9 КО) жұдырықтасады. Турнир Эр-Риядта 20 маусымда өтеді.
Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Жолдас Жеңісов (9-0, 4 КО) 21 маусым күні жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Трой Нэшке (4-0, 1 КО) қарсы рингке шығады.
Сол шоуда тағы бір жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық Александр Ковригин (8-1, 6 КО) нигериялық Юсуф Адениджимен (15-0, 10 КО) кездеседі. Айта кетейік, Ковригин бірінші раундтық жекпе-жегінде жеңіліп қалғанымен, екінші раундта өзінің бастапқы қарсыласы Адениджидің шығып қалуына байланысты екінші мүмкіндікке ие болды.