Ролан Гаррос: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ші ракеткасы Елена Рыбакина Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталмыш турнирдің 1/32 финалында Рыбакина (WTA #12) америкалық Ива Йовичті (WTA: 129) тізе бүктірді. 1 сағат 16 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 5 эйс пен 4 брейк жасап, 1 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласынан 2:0 (6:3, 6:3) есебімен басым түсті.
Айта кетейік, енді Рыбакина келесі кезеңде латвиялық Елена Остапенкомен (WTA #21) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или