2024/2025 маусымындағы «Реал Мадридтің» үздік ойыншысы анықталды

«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе 2024/2025 жылғы маусымда команданың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде мәлім етті.
2024/2025 жылғы Испания чемпионатында 26 жастағы Килиан Мбаппе 34 матч өткізіп, 31 гол соқты және үш нәтижелі пас беріп, лиганың үздік сұрмергені атанды. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасында ол 14 ойында жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Испания кубогында төрт матчқа қатысып, екі мәрте мергендік танытты.
Еске салайық, «Реал» Испания чемпионатын 84 ұпаймен екінші орында аяқтады. Ел чемпионы атанған «Барселона» 88 ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или