«Бұл мәселені Олимпиада көрсетті». Қазақстандық боксшылар неге Өзбекстанға есе жіберіп жүр?

«Бұл мәселені Олимпиада көрсетті». Қазақстандық боксшылар неге Өзбекстанға есе жіберіп жүр?

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков Prosports.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың өзбекстандық қарсыластарына неліктен есе жіберіп жүргені туралы пікір білдірді.

– Біз жаппай бокста Өзбекстаннан кем емеспіз, бірақ физикалық дайындық жағынан әлсіздік байқалады. Бұл мәселені Олимпиада көрсетті. Қазір мамандарымыз бұны түсініп, жұмысқа кірісті. Халықаралық турнирлерде кей жекпе-жектерде жеңіп жүрміз, алайда әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында жеңіліп қаламыз. Токио мен Парижде бізде алтын медаль болмады. Сондай-ақ рингтен тыс жұмыстар бар – бұл мәселемен енді Қазақстан бокс федерациясы айналысуы керек, – деді танымал қазақстандық бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или