Қазақстандық боксшы Таиландтағы беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Таиландтағы беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Таиландта бокстан өтіп жатқан ірі «Thailand Open» турнирінде Қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық жекпе-жекте қазақстандық Наталья Богданова Тайвань елінің өкілі Чен Нийен-Чинмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Наталья Богданова – 2024 жылғы Азия чемпионы, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері және 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

«Thailand Open» турнирі 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді. Оған Өзбекстан, Қытай, Украина, Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан және басқа да елдердің ұлттық құрамалары қатысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или