Фабрицио Романо: Каррерас «Реалға» өтудің алдында тұр

Мадридтің «Реалы» «Бенфика» қорғаушысы Альваро Каррераспен келіссөздердің соңғы кезеңіне жетті. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді. Оның айтуынша, футболшы мен клуб арасындағы келісімшартқа қол қойылып қойған.
Бұған дейін трансфердің аяқталуы Португалия Кубогының финалына байланысты кейінге қалдырылған еді. Ол ойында «Бенфика» қосымша уақытта «Спортингке» 1:3 есебімен жол берді. Қазір екі жақ тек кейбір егжей-тегжейлерді нақтылап жатыр.
«Реал» жас қорғаушы үшін 50 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуге дайын. Transfermarkt мәліметінше, Каррерастың қазіргі нарықтық құны – 28 миллион еуро. 2024/25 жылғы маусымда ол 50 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или