Генри Сехудо Alash Pride FC 108 турниріндегі жекпе-жегі туралы айтты

Генри Сехудо Alash Pride FC 108 турниріндегі жекпе-жегі туралы айтты


Астанада өткен Alash Pride FC 108 турниріндегі грэпплинг ережесімен болған жекпе-жекте Генри Сехудо Кайрат Ахметовтен 8:5 есебімен басым түсті. Кездесуден кейін америкалық файтер пікір білдірді.

«Alash — UFC мен ONE FC чемпиондары айқасатын жалғыз жер. Бұл мүмкіндік үшін алғыс айтамын. Кайратқа ерекше рақмет», – деді Сехудо Bloody Elbow порталына берген сұхбатында.

Ол сонымен қатар Ахметовтің өнеріне бұрыннан тәнті екенін жасырмады: «Мен Кайратты бұрыннан бақылап келем. Оның Деметриус Джонсонмен жұдырықтасуы тиіс болғанын білем. Сол себепті де ол қарсылас ретінде мен үшін өте құрметті».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или