Арда Туран «Шахтёрдің» бас бапкері атанды

«Барселона» мен «Атлетиконың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Арда Туран енді Донецкінің «Шахтёр» клубын жаттықтырады. Бұл жөнінде украиналық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 38 жастағы маманмен келісімшарт екі маусымға жасалған.
Туран жаттықтырушылық жолын 2023 жылы «Эюпспордан» бастаған. Ол дебюттік маусымда-ақ командасын алғаш рет Түркияның Суперлигасына шығарды. Кейін біріншілікті алтыншы орынмен аяқтап, еурокубоктан бір ғана ұпай қалып қойды.
«Шахтёр» 2024/25 жылғы маусымды Украина чемпионатының үшінші сатысында аяқтады – еншісінде 62 ұпай бар. Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде команда қазақстандық «Ақтөбемен» жолығуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или