Арда Туран «Шахтёрдің» бас бапкері атанды

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Instagram парақшасында алдағы жекпе-жекке дайындық барысымен бөлісті. Ол қазіргі уақытта қажетті салмаққа түскенін, енді тек 31 мамырға дейін сол деңгейде сақтап тұру керек екенін жазды.
1 маусым күні Таразда Лукас 35 жастағы чилилік қарсыласы Даниэла Асенхоға қарсы шаршы алаңға шығады. Бұл кездесуде ол әлем чемпионы атағын қорғайды. Асенхоның кәсіби рекорды – 17 жеңіс, 3 жеңіліс және 4 тең ойын (2 нокаут).
Ресми салмақ өлшеу рәсімі 31 мамырда Тараздағы «Mart» сауда орталығында өтеді. Жанкүйерлер желіде сүйікті спортшысына сәттілік пен жеңіс тіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или