Дидар Сыдықбек «Атырау» бас бапкері болған Қуаныш Қабдоловтың неге кеткенін түсіндірді

Дидар Сыдықбек «Атырау» бас бапкері болған Қуаныш Қабдоловтың неге кеткенін түсіндірді


Сәуір айында Константин Горовенко кеткеннен кейін «Атырау» клубын уақытша Қуаныш Қабдолов басқарған еді. Бір ай ішінде ол алты матч өткізіп, бірде-бір жеңіске жете алмады.

Клуб басшысы Дидар Сыдықбек: «Қуаныш Қабдуловқа үлкен рахмет. Ол менің өтінішіммен команданы қолына алды. Өкінішке қарай, нәтиже болмады. Егер бапкерлік санаты болғанда, орнынан қозғамас едім. Қазір болып жатқан жағдайға Қуаныш кінәлі емес», – деп пікір білдірді.

«Атырау» биылғы маусымда 12 ойын өткізіп, төрт-ақ ұпай жинаған. Соңғы 11 кездесудің 10-ында жеңіліп, 9 гол соғып, 27 доп жіберіп алған. Бұл – лигадағы ең нашар көрсеткіш. Келесі ойынын команда 30 мамыр күні сырт алаңда «Тоболға» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или