Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов UFC жұлдызымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (27-2) Астанада аралас жекпе-жектен Alash Pride FC 108 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде ол UFC жұлдызы американдық Генри Сехудомен кездесті (16-5). Жекпе-жек грэпплинг ережесі бойынша өтіп, 8:5 есебімен Сехудоның жеңісімен аяқталды.
Қайрат Ахметовтың соңғы ресми ММА жекпе-жегінде 2023 жылдың мамыр айында австралиялық файтер Рис Макларенді (18-10) жеңген болатын. Генри Сехудо ағымдағы жылдың ақпан айында UFC Fight Night 252 турнирінде қытайлық Ядун Сунмен (22-8-1) жұдырықтасып, жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или