Футзал. «Қайрат» ел чемпионатында сенсациялық жеңіліске ұшырады

Футзал. «Қайрат» ел чемпионатында сенсациялық жеңіліске ұшырады

Алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатының ширек финалындағы алғашқы ойында талдықорғандық «Жетісудан» күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы ойын Талдықорғанда өтіп, 3:2 есебімен жетісулықтардың сенсациялық жеңісімен аяқталды. Алаң иелерінің голдарын Төрехан Досов (5-минут), Нұрсұлтан Таңатұлы (6-шы) және Алеф Мажоли (25-ші) соқса, «Қайрат» сапында Біржан Оразов (18-ші) пен Дәурен Тұрсағұлов (28-ші) гол соқты. Айта кетейік, бұл кездесуде алматылық клуб айқын фаворит саналған болатын.

Командалар серияның екінші ойынын 31 мамырда Алматыда өткізеді. «Қайрат» пен «Жетісу» екі ойында жартылай финалистті анықтай алмаса, үшінші кездесу 1 маусымда Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или