Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы өткен турнирде топ жарды

Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы өткен турнирде топ жарды

Қазақстан құрамасының теннисшісі Сандуғаш Кенжебаева Қытайдың Мааньшань қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы ресейлік Софья Лансеремен жұптасып, финалда Қытай өкілі Мэйки Го мен Таиланд спортшысы Пеангтарн Плипуечті тізе бүктірді.

Кездесу 6:3, 3:6, 10:8 есебімен аяқталды.

Бұл Сандуғаш үшін ITF аясында өтіп жатқан биылғы маусымдағы төртінші жұптық чемпиондық атақ болды. Бұған дейін ол Түркияның Анталья қаласында өткен жұптық жарыстарда үш рет топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или