Джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 74 медаль алды

Иордания астанасы Амман қаласында джиу-джитсудан жастар мен ересектер арасында өткен 9-шы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 74 медаль иеленіп, жеңіс туын желбіретті, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сары құрлық додасында 27 елден 778 спортшы бақ сынады. Жарыс нәтижесінде Қазақстан 21 алтын, 27 күміс, 26 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте алдыңғы орыннан көрінді. Екінші орында - Таиланд тұрса, үздік үштікті Вьетнам түйіндеді.
Осылайша, отандастарымыз Азия төріндегі татамиде табандылық танытып, қайсарлықпен қарсылас шақ келтірмей ел мерейін үстем етті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или