Александр Бублик те алғашқы айналымнан сәтті өтті

Александр Бублик те алғашқы айналымнан сәтті өтті

Александр Шевченконың артынан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына қазақстандық теннистің көшбасшысы Александр Бублик те шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы (ATR №62) Франциядағы турнирді аустралиялық Джеймс Даквортты (ATR №92) 6:2, 6:4, 6:4 есебімен ұтып, сенімді бастады .

Бублик енді екінші айналымда әлемнің 9-шы ракеткасы Алекс де Минаурға қарсы маңызды сынақ күтіп тұр. Аустралиялықпен болған үш кездесуде 3:0 есебімен аяқталған. Соның ішінде біреуі грунттағы жеңіліс.

Бүгін Париждегі турнирде қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина да алғашқы кездесулерін өткізеді.

Айта кетейік, алғашқы айналымдағы жеңіс үшін теннисшілер 117 000 еуро (шамамен 67,9 млн теңге) сыйақы алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или