Ролан Гаррос: Александр Шевченко алғашқы айналымнан өтті

Ролан Гаррос: Александр Шевченко алғашқы айналымнан өтті

Александр Шевченко Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда тәжірибелі серб теннисшісі Душан Лайовичті 6:2, 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Екінші айналымда Шевченко Григор Димитров – Итан Куинн жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина да доданы сәтті бастап, 1/32 финалға шыққан еді.

Еске сала кетейік, теннистен Франция ашық чемпионаты аясында бүгін басқа да қазақстандық теннисшілер Александр Бублик, Юлия Путинцева, Анна Данилина да өз матчтарын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или