«Реалдан» тағы бір бапкер ресми түрде кетті

Мадридтік клубтың аңызы Рауль ресми түрде «Реалдан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
47 жастағы испаниялық маман 2019 жылдан бері «Реал Кастильяны» тізгіндеп келді.
Бірнеше дереккөздің мәліметінше, Рауль негізгі команданы тізгіндеуге мүмкіндік бермегендеріне ашуланыпты. Айта кетейік, мадридтік клуб Карло Анчелотти клубтан кеткеннен кейін оның орнына Хаби Алонсоны бапкер етіп тағайындаған болатын.
Қазіргі таңда клубтан кеткен маманға «Шальке», «Лидс» және «Вильярреал» клубтары қызығушылық танытқаны белгілі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или