Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы турнирде алғашқы медалін жеңіп алды. Оның авторы - Ясмина Тоқсанбаева.
Спортшы 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлдені иеленді. Тоқсанбаева бұл қашықтықты 01:32:22 уақытта жүріп өтті.
Бірінші орынды қытайлық Инь Хан жеңіп алды - 01:30:44. Одан кейін мәре сызығын тағы бір Қытай спортшысы Ма Ли кесті - 01:32:08.
Ерлер арасындағы осы бағдарламада Георгий Шейко сегізінші орынға табан тіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или