Непалдық альпинист Эверест шыңын 31-рет бағындырды

Непалдық альпинист Эверест шыңын 31-рет бағындырды

Непалдық альпинист Ками Рита Шерпа Эверест шыңын 31-рет бағындырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

55 жастағы спортшы қолайлы ауа райы жағдайында сейсенбі күні Астана уақытымен таңғы сағат 6-да шыңға жетті. Seven Summit Treks директоры Мингма Шерпаның айтуынша, Ками Рита төменге түсіп келе жатыр және базалық лагерге қайтып келеді. Осы маусымда ол Үндістан армиясының экспедиция командасын басқарды.

Бұл көтерілу ол үшін рекорд болды - ол планетаның ең биік нүктесіне сәтті көтерілу саны бойынша өзінің рекордын жаңартты. Ол Эверестке алғаш рет 1994 жылы шықты.

Ками Рита Солукхумбудан шыққан және жас кезінен құзға өрмелеумен айналысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или