Америкалық файтер Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Америкалық файтер Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Нейт Диас UFC-ге қайта оралып, онда ирландиялық Конор Макгрегорға қарсы үшінші жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен UFC-ге қайта оралуды жоспарлап отырмын. Конор екеуміздің аяқталмаған істеріміз бар. Бұл орындалуы керек. BMF титулы үшін Макс Холлоуэй немесе Илья Топуриямен жекпе-жек өткізгім келеді», - деп келтіреді Нейт Red Corner MMA әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Диастың UFC-дегі кейінгі ресми жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде өтті, онда ол төртінші раундта Тони Фергюсонды қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или