Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

Ақтөбеде өткен бокс кешінде қазақ боксшысы Дастан Сәдуұлы (13-2, 13 КО) мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.
25 мамырда ол отандасы Эльдар Кирбасовты (0-1) үшінші раундта нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, бір айдан кейін Дастан Сәдуұлының тағы бір жекпе-жегі бар, ол Киевте (Украина) жергілікті спортшы Ярослав Харцызмен (6-0, 5 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған және бірінші жартылай орта салмақта өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или