Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 233-орын) Виченцадағы (Италия) «челленджер» турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Скатов бельгиялық теннисші Готье Онкленмен (232-орын) кездесіп, оны екі сетте – 6:1, 7:6 есебімен ұтты.
Кездесу 2 сағат 3 минутқа созылды.
Екінші айналымда Тимофей аустриялық теннисші Лукас Ноймайерге (182-орын) қарсы шығады.
Виченцадағы турнирдің жүлде қоры 91 250 еуро. Жеңімпаз €12 980 ұтып, 75 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или