Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Виченца қаласындағы «Челленджер» сериясындағы турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сынның бірінші айналымында Скатов бельгиялық Готье Онкленмен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:1, 7:6.

Матч 2 сағат 3 минутқа созылды.

Екінші айналымда Тимофейдің қарсыласы австриялық теннисші Лукас Ноймайер болады.

Виченца турнирінің жүлде қоры 91 250 евроны құрайды. Жеңімпаз 12 980 евро және 75 рейтингтік ұпай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или